Екі бала көз жұмды: СҚО-да отбасы мүшелерінің неден уланғаны белгілі болды

Солтүстік Қазақстанда бір отбасындағы төрт бірдей адамның неден уланғаны белгілі болды. Бүгін облыстық полиция департаменті сараптама қорытындасын жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға маусымның 12-сі күні Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында болған еді. Отбасы мүшелері кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Ал 13-ші күні таңертең үйдің кенжесі – 3 жастағы бала дәрігерлер келгенше көз жұмған. Ал қалған екі бала мен олардың анасы облыс орталығындағы емдеу мекемелеріне жеткізілді. Кейін тағы бір баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Сол кезде барлығы отбасы мүшелерінің астан уланғандығын айтқан болатын. Алайда сараптама қорытындысы астан алынған сынамада ешқандай қауіпті заттардың болмағандығын көрсеткен.

«Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша балалардың өліміне нитриттермен улану себеп болды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де мәліметтер қазіргі уақытта жария етілуге жатпайды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі жасырған екі азамат ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x