Солтүстік Қазақстанда шаруалар егіс науқанына дайындықты ерте бастап кетті. Ол үшін 17 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Былтыр орақ науқаны аяқталысымен-ақ өңір шаруалары көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Көпшілігі мемлекеттен берілетін субсидияға қол жеткізіп, қазір қауырт маусымға сақадай сай отыр.
«Биыл алғаш рет өңір фермерлері қаржыға ерте қол жеткізіп, көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Олар 2024 жылдың бірінші қарашасында жеңілдетілген несие алуға өтініш беріп, қазір тұқым, тыңайтқыштар мен арзан жанар-жағармай алып үлгерген. Сондай-ақ техникасын да жөндеуден өткізіп, егіс науқанына дайын отыр», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.
Осы уақытқа дейін өңір шаруалары 17 млрд теңге жеңілдетілген несие алған. Оның 10 млрд теңгесі «Солтүстік» ӘКК арқылы берілген.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ медицина қызметкері ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндеген