Көктемнің соңғы айы әдеттегіден жылырақ болады. Синоптиктердің болжауынша, СҚО-да айдың орташа температурасы +14,5 +15,3°C аралығында болады. Бұл климаттық нормадан 1–1,5 градусқа жоғары, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңірде айлық жауын-шашын мөлшері норманың шамасында болады деп күтіледі – 25–39 мм. Бұл ауыл шаруашылығы мен көктемгі дала жұмыстары үшін қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.

Мамырдың ортасында күн жылынып, түнде +3…+8°C-тан +10…+15°C-қа дейін, күндіз +11…+16°C-тан +23…+28°C-қа дейін көтеріледі. 

Алайда екінші онкүндіктің екінші жартысында термометр көрсеткіші сәл төмендейді. Түнде температура +6…+11°C, күндіз +14…+19°C  шамасында болады.  Ғ.Мүсірепов,  Айыртау, Тайынша аудандарында синоптиктердің болжауынша  +24°C ыстық болмақ.

Ай соңында ауа температурасы құбылмалы болады.  Түнде +6…+11°C, солтүстік-шығыста +1°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +14…+19°C, ал облыстың оңтүстік аудандарында, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Ақжар мен Уәлиханов аудандарында температура +19…+24°C шамасында болады.

Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айы көктем мен жаздың ауысу кезеңі ретінде жылы әрі тұрақсыз ауа райымен ерекшеленбек.

Тағы оқыңыз: Қазақша терапия, қазақша Vibe. Петропавлда ерекше кеш ұйымдастырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *