Солтүстік Қазақстан облысында еңбек өтілі алты ғасырдан асатын еңбек династиясы тұрады. Бұл әулеттің 30 мүшесі ғұмырын түрлі салаға арналған жандар. Әке жолын қуған Мұрат Қаражұманов өмір бойы механизатор болып жұмыс істеп келеді. Қазір оның ізін ұлы басып, мал фермасында еңбек етеді, деп жазады Qazaqstan Media.
Мұрат Қаражұманов егін шаруашылығына 40 жылға жуық өмірін арнаған жан. Біраз жыл комбайн тізгіндеді. Ал қазір қырдағы астықты жүк көлігіне артып қырманға тасиды. Білікті механизатор бос уақытында Абайдың шығармаларын оқиды. Оның бастамасымен серіктестікте музыкалық үйірме ашылып, әріптестері домбыра тартуға және Абай мен Мағжанның сөздеріне жазылған әндерді орындауға үйреніп жүр. Осылайша ол жастарды еңбекқорлыққа баулып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлесін қосып келеді.
«Абай атамыздың айтқаны бар ғой: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деген. Сол сияқты мынау еңбектің бүкіл осының бәрі еңбектің арқасы. Мынау енді қанша істеген еңбегіміздің нәтижесін көріп жатырмыз. 00091. 000126 Биыл ауа-райының қолайсыздығына қарамастан астықты жинап, уақытында қоймаға құйып алдық. Биылғы өніміміз жақсы шықты. Сол бәрі еңбектің арқасы ғой», — дейді Мұрат Қаражұманов.
Қаражұмановтар әулетінің Мамлют ауданындағы жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады. Бұл 30-дан аса отбасы мүшесінің өз ісіне деген адалдығын көрсетеді. Оның ішінде Мұрат Қаражұмановтың қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ұрпақ сабақтастығын ұлы Мақсат та жалғастырып келеді.
«Әкеміз еңбекқор. Әкеміз осы кішкентай кезімізден ақыл үйретіп, тәрбиелеп, соған әкемізге қарап, үлгі алып, жұмысында жақсы жұмыс істеп бізге үйретіп келе жатыр. Үйде таңғысын ерте кетіп, кешкісін қараңғы түскенде келеді жұмыстан», — деп өз ойын айтты Мұрат Қаражұмановтың ұлы Мақсат. Ол мал азығын дайындау цехінің операторы болып еңбек етеді.
Қаражұмановтар отбасы «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінде жұмыс істейді. Биыл олар 26 мың гектар жерге дән сіңіріп, мол өнімге қол жеткізді. Қазір орақ науқанын толық аяқтап, астықты шашау шығармай жинап алды.
«Дәнді дақылдар жоғары нәтиже көрсетті. Мысалы, қатты бидай әр гектарынан орташа есеппен 30 центнерден өнім берді. Майлы дақылдар да жақсы шықты. Бұл ретте мемлекеттің қолдауы зор болды. «Кең дала» бағдарламасының арқасында көкөтемгі және күзгі дала жұмыстарын уақытылы атқардық. Біздің компанияда Қаражұмановтар династиясы көптен бері жұмыс істейді. Олардың еңбегі ерен», — дейді «Мәмбетов и К» КС атқарушы директоры Құсайын Ахметов.
Осы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен солтүстікқазақстандық диқандарға 160 млрд. теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Шаруаларға «Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелер берілді. Осының арқасында биыл облыс бойынша алты млн. тоннадан аса астық жиналды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда өндірісте ер адам көз жұмды