Петропавлдағы «Радуга» ЖШС қызметкерлерін Еңбек күнімен мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандары келіп құттықтады. Мерекеде жұмыс істеп жатқан еңбеккерлерге концерт ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
2014 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтеледі. Биыл мереке 29 қыркүйек күні тойлануда. Осыған орай мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандары кәсіби мерекесінде жұмыс істеп жатқан «Радуга» ЖШС қызметкерлерін құттықтауға арнайы келген.
«Бұл мереке – өзінің адал еңбегімен республика экономикасының қалыпастуы мен дамуының негізін қалаған, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» дамытуға бағытталған еңбеккерлерге алғыс білдіруге арналған. Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде аталып өтіледі, ал кейбіреулерінде ол – мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Жыл сайын Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты – қоғамдағы еңбек адамының мәртесебін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. Сондай-ақ жастарды еңбекке құрметпен қарауға, еңбек дәстүрлерін сақтап, көбейтуге тәрбиелеу болып табылады. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау минисмтрлігі 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырамдамасын іске асыру шеңберінде сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бұл – тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасын құру, лайықты еңбекақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер болып табылады», — деді СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы Азат Муханов.
Жыл басталғалы зауыт үш мың тонна қағаз өнімін өндірген. Тәулігіне мұнда шамамен 150 қорап А4 форматты қағаз шығарылады.
«Мен А4 форматты қағаз шығаратын қондырғының жұмысын қадағалаймын. Кейін дайын болған өнім қораптарға салынады. Замануи құрылғылар жұмысымызды жеңілдетеді. Ұжым да жақсы. Сондықтан жұмысым өзіме ұнайды», — дейді «Радуга» ЖШС операторы Сергей Саликов.
Кәсіпорын қызметкерлері кәсіби мерекесінде де еңбек етіп жатыр. Сондықтан олар үшін бүгін жұмыс орындарында шағын концерт ұйымдастырылды.
«Еңбек адамы қашанда құрметке лайық. Олардың өңір дамуына, ел дамуына қосқан үлестері зор. Петропавлдағы қағаз шығаратын фабрикада ондаған адам еңбек етеді. Барлығын мерекемен құттықтаймын», — деді «Радуга» ЖШС операторы Оксана Баст.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданында қарттар күніне орай концерт және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті