Еңбек кітапшасы керек пе?

Құжаты цифрлық нұсқаға көшірілмеген қазақстандықтардан зейнетке шығар кезде еңбек кітапшасы талап етіледі.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Егер азаматтың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс өтілі болса және ол жұмыс істейтін жерде кадр қызметі әлі цифрлық нұсқаға көшірілмесе, онда еңбек кітапшасы қажет болады. Ал жұмыс кезінде кадр бөлімі оның еңбек кітапшасын сандық нұсқаға ауыстырса және оны растаса, еңбек кітапшасын ұсынудың қажеті жоқ», — дейді Светлана Жақыпова. 

Еңбек шарттары мен еңбек кітапшасын цифрландыруды көздейтін электрондық еңбек биржасы елімізде 2015 жылдан бастап қолға алынған. Дегенмен бүгінгі таңда заңда жұмыс берушіні еңбек кітапшасын цифрлық нұсқаға көшіруге міндеттейтін норма жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО жемқорлық бойынша ең төмен аймақтар қатарында

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x