Көшпенділер ойындарында қазақстандық спортшылар 69 медаль ұтты. Оның 27-сі алтын, деп жазады Qazaqstan Media.

 
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төтрінші жарыс күнінде 6 алтын, 7 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алды. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 27 алтын, 17 күміс, 25 қола медаль бар.

«Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейді 18-2 есебімен жеңіп, финалға шықты. Ақтық ойында Қырғызстаннан келген көкпаршыларымен кездеседі. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.
Көк бөрүден Қазақстан командасы Түркия құрамасын 15-1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда қазақстандық спортшылар Қырғызстан командасымен кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады», — деп хабарлады ҚР туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Екінші орынға медаль саны бойынша Өзбекстан құрамасы орналасты. Олардың еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 9 қола (32) медаль бар. Ал Қырғызстан спортшылары 10 алтын, 13 күміс, 15 қола (38) медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ал төртінші орынға Ресей құрамасы ие болса, Иран спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 7 қола (11) медальмен жалпы есепте бесінші орында келеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 14 ер адам декреттік демалысқа шыққан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x