V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына екі аптадай уақыт қалды. Қазір осы ауқымды шарада жұмыс істейтін еріктілерді оқытудың соңғы кезеңі басталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі, 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Бүгінде волонтерлер жарыстар өтетін нысандармен танысып, толық ақпаратпен қамтылып жатыр. Көшпенділер ойындарына еріктілерді іріктеу жыл басында басталған. Қазір 1300 жас таңдалып алынған. Оларға қойылған басты талап: 3 тілді жақсы білу. Сондай-ақ бұрындары ерікті болған жастар таңдалады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шет мемлекеттерден де келетін волонтерлер бар. Барлығы да тегін тамақпен қамтылып, қонақүйлерге жайғастырылады.
«16 бағыт бойы жұмыс жасайды. Жалпы 1300 еріктінің 500 координатор, 100 тимлидер болады. Үздік деп танылған 20 еріктіні Қазақстанға шақыртып жатырмыз. Ол еріктілер бізде Қырғызстан, Өзбекстан, Франция, АҚШ-тан келеді. Жалпы 20 ерікті 8 мемлекеттен келеді деп отырмыз», — дейді V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы бөлімінің басшысы Бағдәулет Жанділдаев.
Тағы оқыңыз: Петропавлда автобус 11 жастағы баланы қағып кетті