Жас, ашық әрі іскер — бірінші қалалық емхананың директоры Николай Новиков қалалық мәслихат сайлауында бағын сынап көрмек. Оның ойынша, депутат кабинетте отырмауы керек. Ол халықтың арасында болып, олардың мәселесін тыңдап, шешуге тырысуы қажет — дәл күн сайынғы жұмысы секілді. Qazaqstan Media тілшісі кандидатпен сұхбаттасты.

Николай Новиков 1991 жылы Мамлют ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген. Бала кезінен әкесіндей механизатор болуды армандаған. Алайда жоғары сыныптарда анасының жолын қуып, медицина саласын таңдады. Анасы өмір бойы акушер болып еңбек еткен. Ақ халат пен дәрі иісі балалық шақтағы жылы естеліктерінің бірі еді. Мектеп бітірген соң ата-анасы оның медициналық оқу орнына түсу шешімін қолдайды.

2014 жылы Николай Новиков Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдады. Бұл бағыт денсаулық сақтау саласындағы менеджментпен байланысты. 2023 жылы Ресейдің Сібір мемлекеттік медицина университетінде магистратураны аяқтады. Оның күнделікті жұмысы ұжыммен, қаржымен және ең бастысы — науқастармен тікелей байланысты.

Диалогқа ашық: депутаттыққа кандидат Николай Новиков – сенім, дәрігерлер және өзгерістер туралы
Диалогқа ашық: депутаттыққа кандидат Николай Новиков – сенім, дәрігерлер және өзгерістер туралы

Еңбек жолын облыстық кардиоорталықта дәрігер-статист болып бастады. Кейін облыстық балалар ауруханасында кеңес-диагностикалық орталықтың меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 жылы, коронавирус өршіген кезеңде, Жамбыл аудандық орталық ауруханасын басқарды.

2022 жылы Николай Алексеевич бірінші қалалық емхананың директоры болып тағайындалды. Алғашқы кезде қиындықтар аз болған жоқ. Бірақ жаңашылдық пен өзгерістерге ашық жас басшы әріптестерінің қолдауымен реформаларды қолға алды. Директордың айтуынша, бастысы – адамдарды тыңдау, оларды түсіну және мәселеден қашпау.

Николай Новиков отбасылы, екі қызы бар. Қыздары үйде «аурухана» ойнап, фонендоскоп пен ақ халатты киіп жүргенде, әкесі үлкен ұжымның жұмысын үйлестіріп, жауапты қызмет атқарып жүр. Өйткені емханаға 50 мыңнан астам тұрғын тіркелген.

Бұрын пациенттердің саны әлдеқайда көп болған – 70 мыңнан аса. Сол кезде дәліздерде ұзын-сонар кезектер, тіркеуде және процедуралық бөлмелерде адамдардың көптігі байқалатын. Бірақ қысқа мерзімде бәрі түбегейлі өзгерді. Жас Өркен шағын ауданында филиал ашылды, ал халықтың бір бөлігі жеке орталықтарға ауысты. Мәліметтер базасы цифрландырылғаннан кейін дәрігерлерге науқастарды бақылау жеңілдеді. Көптеген пациенттермен дәрігерлер онлайн байланыс орнатады. Егер тек кеңес немесе емдеуді түзету қажет болса, дәрігерге қашықтан жазылуға болады.

«Біз науқастар мен дәрігерлерге барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Ұзақ уақыт бойы тұрғындар емхананы сағат жетіде емес, алтыда ашуды сұрап келді. Біз олардың өтінішін ескердік. Бұрын таңертең есік алдында ондаған адам тұрса, қазір кезек азайды. Қызмет қолжетімді бола түсті, сондықтан адамдар алаңдамайды», — дейді Николай Новиков.

Қазір процедуралық кабинеттерде де ұзын кезек жоқ. Бұдан бөлек, талдауларды «Алатау лаб» зертханаларында тегін тапсыруға болады. Бұл мекемемен келісімшарт жасалған. Айта кету керек, жеке зертханалар түске дейін жұмыс істейді.

Николай Новиков әрқашан пациенттерге ашық. Оған арнайы күн мен уақытқа жазылудың қажеті жоқ – оның кабинеті бәріне ашық.

Диалогқа ашық: депутаттыққа кандидат Николай Новиков – сенім, дәрігерлер және өзгерістер туралы
Диалогқа ашық: депутаттыққа кандидат Николай Новиков – сенім, дәрігерлер және өзгерістер туралы

«Егер науқастардың шеше алмай жүрген сұрақтары немесе қиындықтары болса, әрқашан маған немесе орынбасарларыма жүгіне алады. Біздің басты мақсатымыз – медициналық көмекке жүгінген адамдар уақытылы әрі сапалы қызмет алуы», — дейді емхана басшысы.

Халыққа одан да жақын болу үшін Николай Новиков 13-ші сайлау округі бойынша Қазақстан Халық партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына түсуге шешім қабылдады.

«Мен қалалық мәслихатқа барып, қаламыз үшін пайдалы істер атқаруға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға дайынмын», — дейді кандидат.

Депутат ретінде Николай Новиков денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлмек. Ол мәслихатта медицина саласының өкілдері болуы керек деп есептейді.

«Мен сайлауға қаламыз бен округіміздің мәселелерін жақсы біле отырып қатысып отырмын. Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға деген ниеті зор. Негізгі күшімді халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жайлы өмір сүруіне бағыттаймын. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен азаматтар арасында ашық диалог қажет», — дейді 1-қалалық емхананың директоры.

Депутат ретінде ол өз жұмысын бірнеше бағытта жүргізуді жоспарлап отыр:

  1. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету
  • ТҮКШ саласында жаңа басқару үлгісін қалыптастыру, ашықтық пен жариялылықты арттыру, тұрғындардың өзін-өзі басқару тетіктерін дамыту.
  • Аумақтардағы жолдар мен тротуарларға, суағар жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізу.
  • Көше жарығын жаңғырту, әсіресе жеке сектор мен өндіріс аймақтарында.
  • Қоғамдық көлік маршруттарын қайта қарау, Жас Өркен мен Береке аудандарындағы емханаларға «жаяу қолжетімділікті» қамтамасыз ету, кіреберіс жолдарын жөндеу.
  • Аулаларда балалар және спорт алаңдарын жаңарту, көгалдандыру мен абаттандыру арқылы қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.
  • Қоқыс шығару мен аумақтарды тазалауды ретке келтіру, стихиялық қоқыс үйінділерімен күрес.
  1. Әлеуметтік көмектің мекенжайлы және әділ жүйесін дамыту
  • Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға еркін кіруін қамтамасыз ету.
  • Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, округ тұрғындарының қалауы бойынша 1-қалалық емханаға қайта тіркелу мүмкіндігін ұсыну.
  • Зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған бағдарламаларды енгізу.
  • Жастардың бастамалары мен қызығушылықтарын қолдау.
  • Спорттық және мәдени нысандардың халыққа қолжетімділігін арттыру.
  1. Ашықтық пен есептілік
  • Сайлаушылар алдында тұрақты есеп беру.
  • Тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін жинау.
  • Мәслихаттағы жұмысты халық пікіріне сүйене отырып жүргізу.

«Құрметті сайлаушылар! Мен барлық мәселені бірден шешемін деп уәде бермеймін. Бірақ сіздердің қолдауларыңызбен өз сайлауалды бағдарламамның орындалуы үшін жеке жауапкершілік аламын. Бар білімім мен тәжірибемді халық игілігіне жұмсаймын. Сіздердің сенімдеріңізге үміт артамын. Бірге ғана біз әл-ауқатымызды жақсарта аламыз! Әділетті Қазақстан үшін! Әркімнің бақуатты өмір сүру мүмкіндігі үшін!» — дейді Николай Новиков.

Еске салайық, қалалық және облыстық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 26 қазанда өтеді.

Дайындаған: «Qazaqstan Media» ЖШС, Петропавл қ., Брусиловский көш., 63/13. Тапсырыс беруші: депутаттыққа кандидат Новиков Н. А. Төлем республикалық бюджет қаражатынан жүргізілді.

Тағы оқыңыз: СҚО соттарына жаңа судьялар тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *