Денесінің 60-70% күйік шалған: СҚО-да газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйде газ баллоны жарылып, әкесі мен қызы зардап шекті. Қазір олар ауыр жағдайда аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше кешкі алтылар шамасында Тайынша қаласында болған. Жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты.

Денесінің 60-70% күйік шалған: СҚО-да газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Салдарынан 50 жастағы үйдің иесі мен оның 16 жастағы қызы зардап шекті. Олар ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Екеуінің де жағдайы ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Денелерінің 60-70% — ын, сондай-ақ тыныс алу жолдарын күйік шалған. Қазір санавиация арқылы облыстан балалар және ересектер  реаниматологы мен анестезиологы Тайынша қаласына жеткізілмек. Әзірге оң динамика жоқ», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да оқушы мен әскери қызметкерден шошқа тұмауы анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *