Демалыс күндері қалың қар түседі

Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатындығын айтты. Олардың мәліметінше республиканың солтүстігі мен батысында -30 градусқа дейін аяз болмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Казгидромет» РМК ресми сайтындағы хабарламаға сүйенсек, елімізде алдағы үш күнде қалың қар жауып, күн суытады. Кей өңірлерде жауын-шашын түссе де, күн райы суық болады деп күтілуде. Синоптиктер Ресейдің еуропалық бөлігінде болған циклон демалыс күндері Сібірге жетіп, Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді деп болжады. Батыс өңірлерде арктикалық циклон күшейіп, кейін басқа облыстарға ауысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауған қар мен бұрқасыннан кейін аяз болады деп күтіледі.

«Ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында -25…-30 градусқа жетсе, елдің шығысында -15…-20 градус аяз болады. Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы -5…-15 градусқа төмендейді», — делінген «Казгидромет» сайтында.

Тағы оқыңыз: Әйелін пышақтап өлтірген петропавлдық 10,5 жылға сотталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x