Дала өрті және суға шомылу маусымына дайындық: Жамбыл ауданында оқу-жаттығу жиындары өтті

Жамбыл ауданында төтенше жағдайлар департаменті және азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері кешенді оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Онда құтқарушылардың суға шомылу маусымы және өрт қауіпті кезеңге дайындығы пысықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Жамбыл ауданында оқу-жаттығу жиындары 30 мамыр күні басталған болатын. Кеше әкімдік жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.  Жиын барысында төтенше жағдай орын алғанда қалай әрекет ету керектігі айтылды. Бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Ал бүгін, яғни 31 мамыр күні жаттығудың практикалық бөлігі өтті. Онда дала және орман өрттері кезінде жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы  пысықталды.

Дала өрті және суға шомылу маусымына дайындық: Жамбыл ауданында оқу-жаттығу жиындары өтті

Апат айтып келмейді. Сондықтан төтенше жағдайларға дайын болу қажет.

«Өрттің таралуын болдырмау, өрт ошақтарын оқшаулау және жою, өрттен қауіпті аймақтағы адамдар мен малды эвакуациялау, өрттен зардап шеккен тұрғын үйлерді сөндіру мақсатында орман алқабын жырту жүргізілді. Сондай-ақ электр беру және байланыс желілеріндегі авариялар кезінде энергетика және байланыс қызметтерінің іс-әрекеттері пысықталды», — деп хабарлады аудандық әкімдік өкілдері.

Көктем аяқталып, жаз да келіп қалды. Енді бірер аптадан соң суға шомылу маусымы басталады. Сондықтан құтқарушылар бұл қауырт кезеңге де дайын екендіктерін көрсетті. Оқу-жаттығу жиындары барысында олар суға батып бара жатқан адамды құтқарып, оған медициналық көмек көрсетті.

Дала өрті және суға шомылу маусымына дайындық: Жамбыл ауданында оқу-жаттығу жиындары өтті Дала өрті және суға шомылу маусымына дайындық: Жамбыл ауданында оқу-жаттығу жиындары өтті

Тағы оқыңыз: Петропавлда судан зардап шеккен азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x