дәрігер

2022-ші жылы СҚО-ның медициналық мекемелеріне еңбек етуге 280 маман келді. Соның 167-сі 314 млн теңге сомасында көтерме жәрдемақы алды. Мұндай көмек ақхалаттыларға 2021-ші жылдан бері облыстық мәслихаттың шешімімен беріліп келеді. Атап айтқанда, елді мекендерде жұмыс істейтін дәрігерлер 2,5 млн теңге, ал облыс орталығында еңбектенетін медициналық қызметкерлерге 1,5 млн теңге мөлшерінде қаржы төленеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Дегенмен кадр тапшылығы мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Қазіргі таңда өңірде 183 маман жетіспейді. Осы ретте медициналық қызметкерлерді СҚО-ға келіп, жұмыс істеуге ынталандыру үшін жас мамандарға берілетін әлеуметтік қолдау мөлшері ұлғайтылмақ.

— жалпы практика дәрігерлеріне — 1 000 000 теңге (қала);
— жалпы практика дәрігерлеріне — 1 500 000 теңге (ауыл);
— бейінді мамандарға — 3 500 000 теңге (қала);
— бейінді мамандарға — 5 000 000 теңге (ауыл).

«Бүгінгі таңда республиканың басқа өңірлері де көтерме жәрдемақылар арқылы мамандарды тарту бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Мәселен, ағымдағы жылы дәрігерлердің тапшылығын бастан өткеріп жатқан көрші облыстарда жәрдемақылар 5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды»,-дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нурболат Иманжанов.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x