Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады. Әзірге ел қоржынында 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақ күресінен қатысқан 8 спортшының барлығы алтын медаль алды. Ал жамбы атудан үш орынды да ұлттық құрама спортшылары иеленді.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі», — деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Дүниежүзілік ойындарда дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды. Сондай-ақ ел спортшылары кураштан 6 жүлде ұтып алды. Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды.
Жарыс кестесінің екінші орнында 2 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған Ресей спортшылары түйіндеп тұр.

Өзбекстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 4 күміс, 6 қола болса, Францияның құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте үздік бесінші орында келеді.
Бүгінге дейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 20 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі дүркін әлем чемпионы шыққан ауылда жол жоқ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x