CҚО-ның 11 табиғи монополия субъектісі өңір тұрғындарына 24 млн теңге қайтаруы тиіс

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жылумен жабдықтау қызметінің құнын қыстағы ауаның нақты температурасын ескере отырып қайта есептеді. Нәтижесінде жалпы сомасы 24 млн 136 мың теңге өңір тұрғындарына кері қайтарылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл қаражат  11 табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға берешегі. Қаражат жылу есептегіш құралдары жоқ көпқабатты үйлердің тұрғындарына қайтарылады. Айта кетейік өткен жылы табиғи монополияларды реттеу комитеті абоненттерге 4 млн теңгеге қайта есептеу жүргізді.

«Ең көп сома Петропавл қаласына қайтарлады.Яғни бұл қызмет түрін көрсететін «Севказэнергосбыт» компаниясымен жалпы соммасы 10 млн 858 мың теңге қайтарылады.Орташа есеппен алсақ 20 мың абонентке 1 метрге 10 теңге қарастырылады.Бұл бағытта мұндай жұмыстар жыл сайын атқарылып отырады.Бұл ҚР заңнамасына сай», -деді табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департамент басшысы Дамир Тоқтамысов.

Тағы оқыңыз:Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан колледжі жабылмайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x