[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/mt5otnEIxBW5uqUvDmcLIIwC0pGbgZL18YDPuvE1-1.webp» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Елімізде 2029 жылға қарай 2,3 миллион жас адамды жұмыспен қамту жоспарға енгізілді. Оның 1 миллионы ауыл азаматтары болмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Экспресс К агенттігіне сілтеме жасап.
Жастар мәселесі Үкімет қабырғасында қозғалды. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың жоспарын тыңдады. Министрлер 2029 жылға дейін біршама жасты жұмыспен қамтып, үш ауысымды мектеп мәселесін жолға қоятындарын айтты.
Дархан Қыдырәлі жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы 6 бағыт пен 10 нысаналы индикаторды және 72 іс-шараны қамтитынына тоқталды. Негізгі новеллалардың бірі — жастармен жұмыс істеу және олардың проблемаларын шешу бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Жастарды дамыту индексін енгізу.
«Біз 2029 жылға қарай мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардарлығын 90 пайызға дейін, волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тартылу деңгейін 32 пайызға дейін арттыруды көздеп отырмыз», — деді министр.
Сонымен қатар Тұжырымдама жобасы жас кәсіпкерлердің үлесін 30 пайызға дейін, жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер арасынан жұмысқа орналастырылған жастардың үлесін 61 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді. Осылайша 2029 жылға қарай 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту жоспарлануда, оның 1 миллионы — ауыл тұрғындары. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын 1,5 миллион жас қазақстандық цифрлық сауаттылыққа оқытылатын болады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]