Бүгін халықаралық мұғалімдер күні!

СҚО-ның білім ордаларында 16 мың мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатып жүр. Бүгін осы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жалпы Қазақстандық мектептерде 340 958 мұғалім жұмыс істейді. Білім министрлігінің ақпаратынша, мектепке дейінгі ұйымдарда 97 188 педагог және 36 315 ұстаз техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс істейді.
Бұрын мұғалімдердің кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін.Биылдан бастап ресми түрде 5 қазан- мұғалімдер күні болып бекітілді. Бұл күн әлемнің жүзден астам елінде атап өтілетін халықаралық мұғалімдер күні болып саналады.
Осы мерекеге орай барлық ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелермен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x