Бюджет қаржысын уақытылы игере алмағандар жазаланады: СҚО әкімі қоластындағыларға шүйлікті

Солтүстік Қазақстанда бірқатар маңызды жобалар уақытылы аяқталмай қалуы мүмкін. Ал олардың құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Өңір жетекшісі іске немқұрайлы қарап, жауапсыздық танытып отырған әкімдер мен ведомство басшыларын жазалайтындығын ескертті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық әкімдікте өткен жиында өңірдің тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды. Әрине, ауыз толтырып айтарлық жетістіктер де бар. Бірақ барлығында бірдей емес. Айталық, Қызылжар ауданы 622 млн теңгені игермеген.

«Игерілмей жатқан қаржының 112 млн теңгесі пәтерлерді сатып алуға бөлінген. Конкурс өткізілді. Алдағы аптада тұрғындарға деп 8 пәтер сатып алатын боламыз. Сондай-ақ Бескөл ауылын сумен қамтуға қатысты мәселе болды. Бірақ ол проблема да шешімін тапты. Дәл осындай жұмыстар Тепличное ауылында жасалып жатыр. Су құбырын біз теміржол желісі арқылы өткізбекпіз. Сондықтан ұзақ уақыт бойы келісімдер жүргізілді. Бұл тұрғыда да проблема туындамайды. Шаруаны уақытылы аяқтаймыз. Тағы аудан орталығында хоккей кортын салу бойынша мәселе туындаған. Оған 24 млн теңге қаржы бөлінді. Бұдан өзге ауылішілік жолдарды дұрыстауға арналған жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар да уақытылы аяқталып, қаржы игеріледі», — деп ақталды аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов.

Мамлют ауданында да жарты млрд теңгеден астам қаржы игерілмеген. Мұнда ауылдарға су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ шаруа кешіктірілуде. Дегенмен, алты елді мекеннің төртеуінде шаруа аяқталуға шақ қалды деді аудан әкімі Елена Степаненко.

Бюджет қаржысын уақытылы игере алмағандар жазаланады: СҚО әкімі қоластындағыларға шүйлікті
Бюджет қаржысын уақытылы игере алмағандар жазаланады: СҚО әкімі қоластындағыларға шүйлікті

Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов Мамлют ауданы әкімдігінің жұмысын сынға алды. Өйткені, жобаны жоспарлағанда мұндағылар қателік жіберген. Енді олардың жауапсыздығынан осындай жағдай туындап отыр.

Бюджет қаржысын уақытылы игере алмағандар жазаланады: СҚО әкімі қоластындағыларға шүйлікті
Бюджет қаржысын уақытылы игере алмағандар жазаланады: СҚО әкімі қоластындағыларға шүйлікті

Бюджет қаржысы Аққайың, Уәлиханов және Тайынша аудандарында да игерілмей жатқан көрінеді. Сондықтан облыс әкімі оларға әлі жыл соңына дейін уақыт бар екендігін ескертті. Ал жағдай түзелмесе, онда мұндай басшылар жұмыс орындарын босатады.

«Біз республикалық бюджеттен қаржыны таласып жүріп, сұрап аламыз. Ал сіздер бөлінген қаржыны бір жыл бойы игере алмай, шаруаны сағызша созып аласыздар. Мұндайға жол берілмеуі тиіс. Жыл соңында бюджет қаржысын игере алмағандар жұмыстан кету туралы өтініштеріңізді ала келіңіздер. Ондайлармен әңгіме қысқа болады. Жауапты орынбасарларыма Қызылжар, Мамлют, Тайынша аудандарындағы жобаларды бақылауға алып, уақытылы орындалуын қадағалауды сұраймын», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда әйелін ұрған тұрғын сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *