[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»14840,14836,14839,14838,14837″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгін “Былғары зауыты” ықшам ауданында Наурыз мейрамы атап өтілді. Ұлыстың ұлы күні тұрғындар №12-ші орта мектебінің алдына жиналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

“Былғары зауыты” ықшам ауданының тұрғындары Наурыз мейрамын жыл сайын дүркіретіп атап өтеді. Биыл да дәстүрден жаңылмаған петропавлдықтарды қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

“Құрметті қала тұрғындары, сіздерді келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Көктем мерекесі отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш, мейірім мен жылулық, табыс пен молшылық алып келсін”, — деді Әділбек Әубәкіров.

Мерекелік бағдарлама жиналғандардың көңілінен шықты.  Жастар жағы алтыбақан теуіп, уақытын қызықты өткізсе, үлкендер киіз үйдің ішінде мол дастархан басында әңгіме-дүкен құрды. Дастархан демекші, №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрия Саутова мерекеге арнап ет асыпты. Бүгінгі күннің басты тағамы — Наурыз көжені де ұмытпаған. Айтуына қарағанда, жыл сайын ұлттық асты енесінің рецептісі бойынша әзірлейді.

“Жылқы етінен сорпа пісірдім. Оған күріш салдым. Көжеге айран мен құрт та қосылды. Қазыны да қостым. Жалпы, 7 түрлі тағамның барлығын араластырып, бүгінгі мерекеге әкеліп отырмын. Наурыз көже дайындау өзіміздің отбасылық дәстүрімізге айналып кетті. Кеше де пісірдім. Ертең де дайындап, келген қонақтарымызға ұсынамыз”, — дейді Дәрия Саутова.

Мерекеде солтүстікқазақстандық өнерпаздар әннен шашу шашты. Сондай-ақ, шахматтан сайыс ұйымдастырылды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x