Булаев қаласында«Қарлығаш» әйелдер тігін клубы ашылды. Ол белсенді әйелдерді және көп балалы аналарды тігін ісі, дизайн өнеріне үйретеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа жоба Зарина Черняеваның жетекшілігімен ашылды. Әйелдер клубы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттырады. Сондай-ақ ауданда жеңіл өнеркәсіптің дамуына да серпін бермек.
Клубтың ашылуына облыс әкімі жанындағы және аудандық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қолдау білдірді.
«Қарлығаш» клубына біз келем деушілердің барлығын шақырамыз. Көп балалы аналар, жұмыссыз қалып, қиындыққа тап болған қыз-келіншектердің барлығы келуге болады. Оқыту тегін»,- деді ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты ұлттық комиссия мүшесі Елена Семедоцких.
Клубтың ашылуына өңірдің қоғам белсенділері, аудан басшылығы, меценаттар мен кәсіпкерлер қатысты. Таспаны салтанатты түрде Зарина Черняеева мен Булаево қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Рыспаев кесті. Қазақы дәстүрге сай шашу шашылып, ақсақалдар баталарын берді.
Тағы оқыңыз: 3 қазаннан бастап елдегі ақылы жолдар 20%-ға қымбаттайды