27-ші ақпан — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай Петропавлда мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Оның 20 пайызы аудандарда орналасқан. Барлығы өңірдің дамуына белсенді атсалысуда. Бірлестіктердің басты мақсаты — билік пен халық арасындағы көпір болу. Бір сөзбен айтқанда, халықтың тұрмысын жақсартып, азаматтық қоғамның рөлін күшейту.

Бүгін осы жүкті арқалап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби мерекесі. Осыған орай Петропавлда мерекелік іс-шара өтті. Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов ашты.

Бүгін - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні
Бүгін — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

«Үкіметтік емес ұйымдарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Бірлестіктер сала таңдамайды. Облыстың дамуына зор үлес қосып жүр. Алдағы уақытта бірлесіп талай жобаларды жүзеге асырамыз деп ойлаймын», — деді СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.

Шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың басшылары тың жобалармен бөлісті. Бірі — тұрғын үйлердің сапасы жайлы сөз қозғаса, енді бірі отбасы құндылықтары туралы ойын ортаға салды. «Сенімен Болашақ» РҚБ облыстық филиалы 2022 жылы құрылған. Ұйымның басты мақсаты — саналы ата-аналардың санын көбейту. Жанат Мұхамеджановтың сөзінше, ұйым екі жыл бұрын тағы бір бағытқа бет бұрған. Мамандар облыс жастарымен кездесіп, кәсіби бағдар беріп жүр.

 
Бүгін - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні
Бүгін — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикасына сүйенсек, облыста 3500-ге жуық бос жұмыс орны бар. Біз жастарымызды өңірде алып қалуымыз керек. Сондықтан, мектеп оқушыларын түрлі кәсіпорындарға апарамыз. Жұмыс процесін көрсетеміз», — деді ұйым жетекшісі.

Шара соңында аймақтың дамуына зор септігін тигізіп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды. Оларға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» табысталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер тұрғынның алаяқтарға аударған 18,6 млн теңгесін қайтарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *