Елімізде бос жұмыс орындардың онлайн-жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Екі қолға бір күрек іздеген жандар Tanda.enbek.kz сайтына кіріп, түйіндемесін ұсына алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Tanda.enbek.kz-те жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі. Жұмыссыз жүрген азаматтар болса, түйіндемелерін жіберіп, онлайн-чат арқылы HR мамандарымен тілдесіп, бейне сұхбат арқылы сөйлесе алады.
«Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет. Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған», — деп хабарлады министрлік өкілдері.
Осы уақытқа дейін онлайн-жәрмеңкелерге 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам азамат қатысқан.
Тағы оқыңыз: Елімізде 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады