Большая Малышка ауылындағы үйлер су тасқынынан кейін қалпына келтіріліп жатыр

Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында көктемгі су тасқыны кезінде 300-ден астам үй зардап шекті. Қазір олар қалыпқа келтіріліп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода танысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Большая Малышка ауылында 321 үйдің 66-сы апатты деп танылды. Тасқыннан зардап шеккендердің бір бөлігі көршілес ауылдардан, қалғаны облыс орталығынан баспана алуға ниет білдірген. Ал үйі тұруға жарамды деп танылғандарға материалдық көмек берілді.

Большая Малышка ауылындағы үйлер су тасқынынан кейін қалпына келтіріліп жатыр

Павел Вожжовтың үйі де тасқыннан зардап шекті. Айтуынша, су баспанада бір айға жуық уақыт тұрған. Қазір үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Тұрғын үйді қалпына келтіруге 5 миллион 700 мың теңге бөлінді. Оның 2 миллион 300 мың теңгесі материалға жұмсалса, қалғаны баспананы жөндеп жатқан жұмысшыларға төленеді. Бүгінгі күнге дейін еден ауыстырылып, бірқатар шаруа тындырылды. Барлық жұмыстар шілденің соңында аяқталмақ. Жалпы, бағалаушының жұмысы мен өтемақының мөлшері көңілімнен шықты», — дейді Павел Вожжов.

Алайда сарапшы-бағалаушының жұмысына барлығының көңілі тола бермейді. Өңірде іс-сапармен жүрген мәжілісмендерге осы проблема бойынша көп сауал келіп түседі екен. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккендер сметалық құжатты қайта қарау, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы сынды мәселелерді шешуге көмектесуді сұрайды. Халық қалаулылары әрқайсысына түсініктеме беріп өтті.

Большая Малышка ауылындағы үйлер су тасқынынан кейін қалпына келтіріліп жатыр Большая Малышка ауылындағы үйлер су тасқынынан кейін қалпына келтіріліп жатыр

«Облыста зардап шеккендердің 90 пайызы — Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының тұрғындары. Су тасқыны кезінде біз өтемақыны өтеу ережелеріне терең үңілдік. Ол жерде өтемақы тек тұрғылықты жері бойынша тіркелгендерге ғана төленеді деп жазылды. Біз бұны дұрыс емес деп санап, өз атымнан депутаттық сауал жолдадым. Қазір бұл тармақ алынып жатыр», — дейді мәжіліс депутаты Дмитрий Колода.

Большая Малышка ауылында 900 адам тұрады. Қазіргі уақытта ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда. Бірақ күзге дейін тапсырып үлгермейді. Оған су тасқыны себеп. Жалпы, Қызылжар ауданында су тасқынынан барлығы 1546 үй зардап шекті. Қазіргі уақытта 60-қа жуық қызылжарлық жаңа үйге қоныстанған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қосулы қалған электр плита өрттің шығуына себеп бола жаздады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *