Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 900 мың бас мал бар. Бұл төрт түлік пен ет өнімдерін бақылаусыз тасымалдап  сатуға,  мал ұрлығының жасалуына қолайлы жағдай туғызады. Осы қауіптердің алдын алу мақсатында  облыста  «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Полиция қызметкерлері ветеринариялық қызмет өкілдерімен бірлесіп, мал сату және сою орындарында тексерулер жүргізуде. Автокөліктерді тексеріп, құжаттардың заңдылығын қадағалап отыр.  Сонымен қатар шаруашылықтар, фермерлік қожалықтар мен жайылымдық нүктелер ерекше бақылауға алынды. Облыстың шекаралас аудандарында мал мен ет өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізудің жолын кесу мақсатында көршілес мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылған.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары мал иелерін өз мүлкін қорғау шараларын күшейтуге, малды қараусыз, еркін жайылымға жібермеуге шақырады. Бұл – мал ұрлығына жағдай жасайтын негізгі факторлардың бірі. Қаңтар айында жүргізілген күнделікті профилактикалық жұмыс нәтижесінде өңірде қаңғыбас мал ұстағаны үшін 114 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында төртінші ауыл ішімдіктен бас тартты: Қарашілік тұрғындарының таңдауы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *