Биыл «Шалқар-Имантау» туристік аймағында 100 мыңнан астам адам демалды

Айыртау ауданының бірегей табиғи және мәдени көрікті жерлеріне барып, демалысын өткізгісі келетін туристердің қатары жыл сайын артып келеді. Биыл  «Шалқар-Имантау» туристік аймағына 100 мыңнан астам адам келген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Мейрам Меңдібаев соңғы үш жылда «Шалқар-Имантау» аймағына келетін туристердің саны екі есе артқанын айтты.

Биыл «Шалқар-Имантау» туристік аймағында 100 мыңнан астам адам демалды Биыл «Шалқар-Имантау» туристік аймағында 100 мыңнан астам адам демалды

Қазіргі уақытта ауданда тәулігіне төрт мың адамды қабылдай алатын 46 туристік нысан жұмыс істейді.

«Былтыр бес демалыс аймағы жаңартылған. Оған 500 млн теңге қаржы жұмсалды. «Родники» базасы төсек-орындарын жаңартты, ал «Шалқар ауылында» киіз үйлер орнатылды. «Солнечное ВИП» демалыс аймағында жазғы мейрамхана ашылды. Бұдан бөлек, тағы тоғыз демалыс базасы кеңейтілді», — деді Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев.

Былтыр туристік аймақтарға апаратын үш автожол жөндеуден өтті. 40 шақырымға жуық жол учаскесін қалыпқа келтіруге 1,5 млрд теңге бөлінді.

«Биыл «Сокол» балаларды сауықтыру орталығына апарар жол жөнделді. Оған 400 млн теңге қаржы жұмсалды. «Арман», «Тұрпан» және «Олимпиец» балаларды сауықтыру орталықтарына баратын жолдарға да асфальт төселді», — деді спикер.

Ал келер жылы «Ботай» музей-қорығы мен «Айғаным» қонысына, сондай-ақ «Бастау», «Черная лагуна», «Горняк», «Переузина», «Заря» балаларды сауықтыру орталығына апаратын жолдар жөнделмек.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2025 жылдан медициналық кітапшалар электронды форматта болады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x