Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін дайындады. Құжатта еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылған. Екі мәдение шара Солтүстік Қазақстанда ұйымдастырылады, деп жазады Qazaqstan Media.

Күнтізбе ішкі туризмді насихаттауға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді дамытуға бағытталған. Іс-шараға мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы түрлі оқиғалар енгізілген. Жобалардың көбі жыл сайын өтеді. Сонымен қатар жобалардың көпшілігі бизнес өкілдерінің қатысуымен немесе демеушілігімен ұйымдастырылады.

«Туристерге ыңғайлы болу үшін туристік күнтізбе енгізілген www.event.qaztourism.kz веб-ресурсы әзірленді. Платформа арқылы іс-шараларды күні, өңірі, санаты және ауқымы бойынша ыңғайлы әрі жедел таңдауға болады»,-деп хабарлады ҚР туризм және спорт министрлігі.

Еліміздің мәдени күнтізбесіне енген іс-шаралардың саны – 55.  Ол барлық өңірлерді қамтиды. Ал біздің облыста олардың екеуі өтеді. Ол–шілде айына жоспарланған халықаралық музыкалық фетиваль. Сонымен қатар, қыркүйекте болатын «Береке» агрофестивалі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да спорттық акробатика мен батуттық гимнастикадан турнир өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *