[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-14-at-13.56.11-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

2025-ші жылға дейін өңірде 432 млрд теңгеге 35 инвест жоба іске асырылмақ. Осылайша 6 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Облыста шыны бұйымдарын, сапасы жоғары құбырлар, картон өнімдері, сонымен қатар елімізде бұрын соңды болмаған нан өнімін шығаратын кәсіпорындар ашылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.   

Соңғы 3 жылда облыста бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Азық-түлік өндірісі 1,6 есе өсіп, осылайша 168 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түспек. Өйткені, биыл өңірімізде тағы бірқатар жобалар қолға алынбақ. Солардың бірі – донат-нан өнімдерін өндіретін зауыт. Елімізде бұрын-соңды болмаған өндіріс ошағының құрылысы жуық арада басталатын болады.

«Бұл жобаға қатысты біз Ресейлік «Хлебпром» компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Серіктестік әлемдегі кондитерлік өнім шығаратын 100 үздік ұйымның қатарына кіреді. Инвестиция көлемі 34,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын ашылса 400 солтүстікқазақстандық тұрақты жұмыспен қамтылады», — дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық  даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Амрин.

Мұнымен қоса, Ресейлік инвестор «ЗАВОД ЛСТК» ЖШС сүт-тауарлы фермалар мен бордақылау алаңдарын салу кезінде қолданылатын жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы конструкцияларды өндіру бойынша жобаны іске асыруда. Оның құны — 2 млрд теңге. Ал «REIMANN»  неміс компаниясы тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жолға қоюды жоспарлап отыр. Жобаның сомасы 3 млрд теңге. Ол жүзеге асса, 75 жаңа жұмыс орны құрылып, жылына 150 техника шығарылмақ. Сондай-ақ, «ДуПраГласс» компаниясы Мамлют қаласында қаңырап тұрған бұрыңғы машинақұрастыру зауытының ғимаратын сатып алып, шыны бұйымдарын шығаратын зауыттың құрылысын бастамақ. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды.

«2019 жылы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы құрылды. АЭА қатысушылары КТС, импортқа ҚҚС, жер салығы, мүлік салығы, кедендік баж, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. АЭА аумағында қолжетімді инфрақұрылым нысандары түрінде жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ, АЭА қатысушылары үшін шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген рәсімі қолданылады. Бүгінгі таңда АЭА қатысушысы ретінде 216 млрд теңгеге қызметті жүзеге асыру туралы 7 шарт жасалды», — дейді Дархан Амрин.

Жалпы, 2025-ші жылға дейін облыста 432 млрд теңгеге 35 инвест жоба іске асырылмақ.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-14-at-13.56.11-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x