Биыл СҚО-да 37 сәби қайтыс болды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда 37 сәби қайтыс болған. Мұндай жағымсыз статистиканы облыстық әкімдікте өткен жиында өңірдің бас дәрігері Құмар Күсемісов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен жылы 9 ай ішінде өңірде 51 нәресте шетінеп кеткен. Ал биыл осы кезеңде 37 сәби қайтыс болды.

Биыл СҚО-да 37 сәби қайтыс болды
Биыл СҚО-да 37 сәби қайтыс болды

«Перинаталдық кезеңде пайда болатын аурулардан қайтыс болғандардың үлесі басым. Ал туа біткен ауытқулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 23,5% — дан 16,2% — ға дейін төмендегені байқалады. Мұны  диагностиканың жақсаруымен байланыстырып отырмыз. Яғни, сатып алынған жаңа жабдықтар мен аппараттар уақытылы әрі сапалы тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Бала өлімінің жоғары көрсеткіші Есіл, Қызылжар аудандарында тіркелген. Мұнда 4 жағдайдан болса, Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында екі сәби қайтыс болған.

«Ал қалалық емдеу мекемелері арасында — № 2 емхана көш бастап тұр. Мұнда жыл басталғалы – 8 сәби шетінеп кеткен. 1-ші емханада – 5, 3 емханада — 5 жағдай тіркелді», — деді спикер.

Айта кетейік, биыл өңірде бір ана өлімі де тіркелді. Жағдай 3-ші қалалық емханада болған.

«Ана мен бала өлімі, бұл көрсеткіш барлығымыздың, яғни аудан, қала, облыс әкімдері мен ведомствоның  жұмыс деңгейін көрсетеді. Жыл сайын қыруар қаржы бөлініп, жаңа қондырғылар алынып жатыр. Бірақ осының бәрі қызмет көрсету сапасын жақсартуға септеспей тұр», — дейді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның медициналық мекемелері биыл 5,2 млрд теңгеге қондырғылар сатып алған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x