Биыл СҚО-да құтырма ауруының үш дерегі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында түлкі, қарсақ, жанат тәріздес ит сияқты жабайы жануарларға биыл құтырма ауруының алдын алу үшін вакцина беріліп жатыр. Осы мақсатқа 24 800 дана арнайы брикет әзірленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, жем брикетке қосылған вакциналар жабайы жануарлар жүретін жерлерге қойылды. Бұл шаруаны атқаруға ветеринарларға қорықшылар көмектескен.

Жалпы биыл құтырмамен күресу үшін 250 240 мың жануарды егу жоспарланған. Бүгінге дейін 91 мыңға жуық жануарға вакцина қойылды, оның ішінде 35 мың ірі қара мал, сонша қой-ешкі, 11 мыңнан астам жылқы, 6,5 мың ит және 2,5 мың шамасында мысық бар.

Мамандардың айтуынша, облыста құтырма және жануарлардың басқа да аурулары бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдай сақталған. Биыл зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша құтырманың үш дерегі тіркелді. Оның бірінде ауруды түлкі әкелсе, тағы екі жағдайда екі итте расталды.

«Қызылжар ауданында 2 елді мекенде және Ғ. Мүсірепов ауданында бір елді мекенде құтырмаға қарсы шектеу енгізіліп, бүгінде ол алынды. Жағдай тұрақты. Құтырма — вирустық ауру, жедел өтеді, жұқпалы, соңы өлімге әкелетін ауру. Орталық жүйке жүйесін ауыр зақымдайды. Құтырма вирусы жұқтырғанмен байланыста болудан тікелей жұғады. Сондай-ақ құтырма ауру жануар қапқанда қан, сілекей арқылы таралады», — дейді ветеринарлар.

Тағы оқыңыз:СҚО-да биыл 37 мың оқушы мектепте тегін тамақтанады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x