Биыл Заречный тұрғындары толығымен көшіріледі. Бұл жайлы депуттар алдында есеп берген Серік Мұхамедиев айтты. Сонымен қатар, қала әкімі «Таза Қазақстан» акциясы мен жолдарды жөндеу бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл соңына дейін Заречный кентінің тұрғындары толығымен көшіріледі. Оларға арналып «Жас Өркен», «Қопай» ықшам аудандары мен орталықта көпқабатты үйдер тұрғызылып жатыр. Маңызды іспен «Зерттеу» және «Альфа-Север» серіктестіктері айналысуда. Былтырғы тасқын кезінде оңбай опық жеген қалалық әкімдік биыл ауқымды жұмыс атқарған.

Биыл Петропавлда жеті көшенің жолдары орташа жөндеуден өтті
Биыл Петропавлда жеті көшенің жолдары орташа жөндеуден өтті

«Былтырғы тасқыннан сабақ алдық. Ойқала ықшам ауданы мен Былғары зауыты кентінде бөгеттер тұрғызылды. Берік қорғаныс үйінділері жемісін берді. Жүздеген отбасы апаттан аман қалды»,- деді Серік Мұхамедиев.

Петропавлда Жабаев, Шәжімбаев, Новая және Алтынсарин көшесіндегі барлық үйді жылумен қамтитын магистраль салынып жатыр. Жоба құны — 5,7 млрд теңге. Тағы осындай нысан Промышленной көшесінде тұрғызылуда. Маңызды іске 2,5 млрд теңге бағытталған. Қала басшысы шаһарды абаттандыруға да тоқталды.

«Ағымдағы жылы «Таза Қазақстан»акциясы аясында 900-ге жуық шара өткізілді. Саябақтар мен аулалар тазаланды. Көшеттер отырғызылды. 350 тонна қоқыс шығарылды»,- деді қала әкімі.

Петропавл қаласының жол желілерінің ұзындығы — 366 шақырым. Биыл жеті көшеде орташа жөндеу жүргізілді. Алдағы уақытта тағы 30 шақырымды жолды тақтайдай тегіс қылу жоспарлануда.

Тағы оқыңыз: Биыл былғары зауыты кенті мен Ойқала ықшам ауданында 2 спорт кешені бой көтереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *