Биыл Петропавлда Мағжан Жұмабаев көшесі бойында жаңа үстел теннисі ашылады. Заманауи спорт нысаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмыстарына Петропавлдық «Мирас Group» ЖШС жауапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа үстел теннисі орталығы екі блоктан тұрады. Біріншісі АБК әкімшілік және қызмет көрсету, екіншісі спорт зал блогы. Ол жерге 16 үстел теннисі орналастырылмақ. Орталықтың жалпы аумағы 3,6 мың шаршы метр болады. Бір ауысымда 6 жастан асқан 32 баланы қабылдай алады.

Биыл Петропавлда үстел теннисі орталығы ашылады

«АБК бірінші блогы бірінші қабатта болады. Ол жерде спортшыларға ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық кабинет, ракеткалық деспетчер бөлмесі мен күзет, инвентарлық және төрешілерге арналған  бөлмелер болады. Сонымен қатар, киімжай мен жуынатын жер де осы бірінші қабатқа орналастырылмақ. Жобада 1000 келіге арналған лифті де қарастырылған», — деді облыстық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Арыстан Қайыржан.

Заманауи үстел теннисінің екінші қабатында кеңсе бөлмелері мен жалпы физикалық дайындық залы, ас үй мен жаттықтырушылар бөлмесі, көрермендерге арналған балкон, желдету камералары мен конференция залы орналаспақ. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар жағдай жасалатын болады.

Биыл Петропавлда үстел теннисі орталығы ашылады

«Үстел теннисі орталығы толықтай заманауи талаптарға сай болмақ. Бұл нысан барлық халықаралық ITTF стандарттарына сәйкес келеді. Жеке жоба ретінде сыртқы инженерлік желілер су, кәріз, жылумен қамту, электрмен қамту, телефон тарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бір уақытта 160 көрерменге арналған орын болады», — деді облыстық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Арыстан Қайыржан.

Тағы оқыңыз:Қазақстанға жеті жылдан асқан автокөліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *