[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/238326981_1212077049267981_6741400892817433561_n.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Үстіміздегі жылы Петропавл дүкендерінде 201 ұрлық тіркелді. Қылмыстардың 39-ы супермаркеттерде орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, супермаркеттерде орын алған 39 ұрлықтың 10-ы бойынша материалдар жиналып, сотқа жіберілді. Қылмыс құрамының болмауына байланысты 3 іс тоқтатылды. 6 дерек бойынша жедел-іздестіру, қалғандарынан тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, баукеспелер ұрлап, тез сату үшін шағын заттарды қағып кететін көрінеді.
«Тәжірибе көрсеткендей, ұрлық жасауға көбіне наркологиялық есепте тұрған адамдар бейім келеді. Заң бұзушыларды анықтап, табуда бейнебақылау жүйелерінің тигізер септігі зор екенін айта кеткім келеді. Дүкендердегі қауіпсіздік қызметтері де маңызды рөл атқарады», — дейді Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]