Биыл МӘМС жарнасы өзгере ме?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалады. Сондықтан МӘМС төлемдерінің көбі өзгермейді. Тек біржолғы төлем мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан төленетін жарналар мөлшері өзгереді, деп жазады Qazaqstan Media.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алады. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.

Тек біржолғы төлем мөлшері – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өзгереді. Сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар  өзгереді. Орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.

Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:

-Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;

-Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;

-Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;

-Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;

-Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге;

-Дербес төлеушілердің жарналары –  4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);

-Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар –  7 285,9 теңге.

МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.

Тағы оқыңыз: Елімізде 2025 жылы айыппұл қаншалықты өзгереді?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *