Биыл Имантау-Шалқар курорттық аймағында 95 мың адам демалды

Айыртау ауданында орналасқан Имантау-Шалқар курорттық аймағына келетін туристердің саны жыл санап артып келеді. Биыл онда 95 мың адам демалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аудандағы туризмнің бүгінгі жағдайы туралы аудан әкімі Ерболат Бекшенов өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты. Қазіргі кезде мұнда 44 туристік нысан бар. Оның 8-і тәулік бойы жұмыс істейді. Имантау-Шалқар демалыс аймағында  бір мезгілде  3651 адамға орын бар. Соңғы 5 жылда туризмді дамыту үшін 4 млрд теңгеге жуық ақша бөлініпті. 

«Бюджеттік қаржыландыру арқасында 2017 жылы туристік бағыт бойынша 39 км жол жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы «Көкшетау» МҰТП аумағынан 22 жер учаскесі туристік нысандардың құрылысы үшін инвесторларға берілді. Сонымен қатар ұялы телефон байланысын жақсарту үшін 6 жер учаскесі бөлінді. Шалқар және Имантау көлдері маңында суда құтқару станцияларын салу үшін СҚО ТЖД 3 жер телімі бөлінді», — деді спикер.

Аталған жобалар 2024 жылы қолданысқа беріле бастайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Қыс-2023» оқу-жаттығулары өтіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x