Биыл елімізде соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтетін күн өзгерді. Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігіне хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келеді. Сондықтан министрлік соңғы қоңырау күнін 23-ші және 24-ші мамырға ауысытырып отыр.  11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен осы екі күннің бірінде өткізіледі.

«Сондай-ақ барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз», — делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы оқу күнінде еліміздің барлық мектебінде «Білімім –Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда СҚО-ның құрметті азаматы, ҰОС ардагері Сапар Дүйсенұлы тұрған үйде мемориалдық тақта ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *