Биыл елімізде көктемгі және күзгі дала жүмыстарына рекордтық ақша бөлінді

Үкімет биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есе ұлғайтылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жаппай егін жинау жұмыстары тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98%-ды құрайды. Барлығы 149 мыңнан астам трактор, 38 мың астық жинайтын комбайн және 14 мың дестелегіш тартылатын болады. Бұл жайында Үкіметте өткен жиында айтылды.

Үкімет басшысы вице-премьер Серік Жұманғариннің басшылығымен тиісті министрліктер, әкімдіктер мен шаруалар арасындағы жұмысты үйлестіру мен бақылау үшін  жедел штаб құруды тапсырды.

«Егінді сапалы жинап алу және сақтау еліміз үшін ерекше маңызға ие. Туындайтын барлық мәселені күнделікті пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егін жинау жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайын қамтамасыз ету де маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шаруаларға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 64 мың тоннадан астам жеңілдігі бар дизель отыны жөнелтілді. Премьер-Министр элеваторларды өткен жылғы егін қалдықтарынан 10 қыркүйекке дейін босатуды тапсырды.

Айта кетейік, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданы 23,3 млн га құрайды, оның ішінде дәнді дақылдардың ауданы – 16,7 млн га. Егіс алқаптарының құрылымына сәйкес барлық өңірде егін жинау жұмысы басталды. Бүгінгі таңда 928,2 мың га дәнді және бұршақты дақылдар немесе 5,5% жиналды. Орташа өнімділігі 19,3 ц/га болған кезде 1,8 млн тонна астық бастырылды. Сондай-ақ 418,2 мың тонна картоп және 940,3 мың тонна көкөніс жиналды.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 308 отбасы баспаналы болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x