Петропавл қаласының әкімі депутаттардың алдында есеп берді. Серік Мұхамедиев алқалы жиында жарты жыл ішіндегі атқарылған жұмыстарды баян етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Петропавл қаласының 2025 жылғы бюджеті 80 млрдтан асады. Оның 65,7 млрды — бекітілген. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 275 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырған 21 пайызға көп. Бөлшек сауда көлемі 142,5 млрд теңгені құрады — 10,1%»,-деді Серік Мұхамедиев.

Алда маңызды кезең, жылыту маусымы келе жатыр. Петропавлда 166 әлеуметтік нысан орталықтандырылған жылумен қамтылған. Бүгінде оның 44 пайызының қазандықтары жуылып, қысымы тексерілген. Серік Мақсұтұлының сөзінше, былтырғы апаттан зардап шеккен Ойқала мен Былғары зауыты кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілген.

«Биыл елді мекендерде 74 демалыс орны ашылды. Маңызды жұмыс кәсіпкерлер мен диқандардың арқасында атқарылды. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Жыл соңына дейін «Қазақстан халқына»қоры аталған спорт кешенің салатын болады. 2 мың түп көшет отырғызылады»-, деді қала әкімі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық спортшылар ҚР биатлон чемпионатында көшбасшылар қатарында

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *