[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-08-at-15.49.06.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Жас мамандар университетті немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені, жұмыс берушілер әдетте тәжірибесі бар кадрларға басымдық береді. Осы орайда, оқу орны түлектерін қолдау мақсатында Қазақстанда 2020 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаның жемісін көріп, өз мамандығы бойынша еңбек етіп жүргендердің қатарында солтүстікқазақстандықтар да баршылық, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 

Евгений Катунин 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының медициналық колледжін фельдшер мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанады. Ол жақтан қайтып оралғасын жас жігіт жұмыс іздеп Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына барады. Бұл жерде маманға «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға ұсыныс түседі. Сөйтіп Евгений өз мамандығы бойынша жеке меншік оңалту орталығына жұмысқа кіреді.

 

«Оңалту орталығында жұмыс істеп жүргеніме 1 жыл болды. Жақында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталады. Емдеу мекемесінің директоры осы жерде тұрақты еңбек етуге ұсыныс жасады. Жоба бойынша 100 мың теңге көлемінде жалақы аламын. Жұмысым өзіме ұнайды. Басты міндетім оңалтуға келген науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету. Жалпы, мұндай мемлекеттік бағдарламалардың мен секілді жастарға берері мол», — дейді Евгений Катунин.

 

Жалпы, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмысқа орналасу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына барып  жеке куәлік, диплом және медициналық анықтаманы тапсырып, кезекке тұру қажет. Орталық мамандарының сөзінше мемлекеттік бағдарлама арқылы еңбекпен қамтылып жүрген азаматтардың саны жыл санап артып келеді.

 

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде түрлі бағдарламалар жұмыс істейді. Қоғамдық жұмыстар бойынша 2023 жылы 469 адамды тұрақты еңбекпен қамту жоспарланған. Соның ішінде: «Әлеуметтік жұмыс орны» бойынша — 69, «Кәсіптік дамыту» — 150, «Жастар тәжірибесі» — 170 адамды тұрақты еңбекпен қамту жоспарланған», — дейді Петропавл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Болат Мағауянов.

 

Ал, биыл «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 45 солтүстікқазақстандықты жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 55 млн теңге бөлінді.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x