Биыл қай мамандықтарға көп грант бөлінгені белгілі болды

Биыл елімізде бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Kaz.nur.ka  сілтеме жасап.

«Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі», — деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Министрлік мәліметінше, жыл сайын жалпы грант санынан арнайы квота бөлінеді. Биыл да әлеуметтік осал топтарға квота сақталады. 2022 жылдан бастап ауыл квотасы 35 пайыз болып бекітілген.

«Атап өтетін жайт, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатыса алады. 2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді», — деді ведомство өкілдері.

Министрліктегілер 2022 жылдан бастап беделді халықаралық пәндік олимпиада, жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ-сыз ие бола алатынын атап өтті. Мемлекеттік грант конкурсында балдардың теңдігі жағдайында басымдылық «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Биыл 7 мыңнан астам түлек «Алтын белгіге» ие болған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда су ресурстарын реттейтін және қорғайтын комитет құрылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x