2023 жылы облысымызда 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оған 25,4 млрд теңге қаржы тартылмақ. 800 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жобалар импортты алмастыруға бағытталған. Сөйтіп, өңірде ДСП, автоклавты газоблок, керамикалық кірпіш, шыны бұйымдары, жұқа қабырғалы болат құрылымдары, жолаушылар вагоны мен тіркеме ауыл шаруашылығы техникасын өндіру ісі қолға алынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен өнеркәсіп саласының дамуы талқыланған арнайы кеңесте сөз болды.
«Жобалардың басым бөлігі облыс орталығында шоғырланған. Дегенмен, аудандардың да өнеркәсіп, өңдеу салаларында айтарлықтай әлеуеті бар екенін, оған инвесторлар тарту керектігін ұмытпаған жөн. Кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдеріне, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы, «Солтүстік» корпорациясы және «Kazakh Invest» облыстық өкілдігінің басшылығына өңірге отандық және шетелдік компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырдым»,- деді Айдарбек Сапаров.