1 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Облыс бойынша 60 мың адамға екпе егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазіргі уақытта 714 адамға тұмауға қарсы екпе қойылған. Олардың 377сі медицина қызметкері, 5 мектеп оқушысы, 2 жүкті әйел, 289 созылмалы ауруы бар және 41 адам эпидемиологиялық себептермен екпе алған.

Тіркеу орны бойынша емханада тәуекел тобына жататын адамдар тегін түрде екпе ала-алады. Медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымда есепте тұрған балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, қарттар үйіндегі кісілерге, жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар адамдарға да екпе тегін қойылады. Вакцинация А және В типті тұмаудан қорғайтын ресейлік үш валентті Grippol Plus вакцинасы арқылы жүзеге асырылады.”,-дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x