Бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мектеп асханаларының жағдайын тексеруді Олжас Бектенов Маңғыстау обысындағы жаппай уланудан кейін тапсырды. Өткен аптада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің бастауыш сынып оқушылары мектеп асханасындағы тамақтан уланған еді.  Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты.

Осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 304-бабы (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) 1-бөлімі бойынша іс қозғалған.

«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүреді. Балалар уланған №8 мектепте тергеу басталған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: 2025 жылдан бастап емханаларда Face-ID жүйесі енгізіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *