Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында білім беру саласына қатысты маңызды кепілдіктер айқындалған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында ақысыз бастауыш және орта білім алу құқығы кепілденеді. Бастауыш және орта білім алу – міндетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негізінде жоғары білім алуға құқылы. Жекеменшік оқу орындарында білім алу ақылы негізде, заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Ел аумағындағы барлық оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сай болуы тиіс. Осылайша, жаңа Конституция жобасы әрбір азаматтың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мемлекет тарапынан сапалы әрі міндетті білім беру жүйесіне кепілдік береді.
«Мен біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға жаңадан енгізген бағыттарын қолдаймын. Соның ішінде балаларға тегін білім беру. Себебі, көп ата-аналарға бұл үлкен көмек. Балалардың білімге деген құлшынысын арттырып, білім саласының сапасын көтереді деген үміттемін»,-деді №1 Смирнов орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Жанар Бимағамбетова.

