Білім беру мекемелеріне әкелуге тыйым салынған заттардың тізімі пайда болды

ҚР Білім министрлігі мектептерге әкелуге тыйым салынған заттардың тізбесіне өзгерістер енгізілді. Құжат 21 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіледі. Ол мына пунктермен толықтырылады:

-оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:

жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;

фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;

сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);

құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);

психикаға белсенді әсер ететін заттар;

темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) және электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіштер.

«Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту вице-министріне жүктелсін. Бұйрық 2024 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс»,-деп жазылған хабарландыруда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Таза бейсенбі» акциясына 800-ге жуық адам қатысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x