Бесінші қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі

Елімізде жетінші жыл қатырынан Қазақстан халқы тілдері күні бесінші қыркүйекте тойланып келеді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін, деп жазады Qazaqstan Media.

Бесінші қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін аталмыш дата 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап  22 қыркүйекте атап өтілетін еді.  2017 жылғы үкімет басшысының «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бесінші қыркүйекке ауыстырылған.

Атаулы датаның өзгеру себебі – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Биыл өңірде 112 адам туберкулез жұқтырған, олардың 7-і бала

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x