Демалыс күндері «Челябі-Новосібір» тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, бір үйдің бес бірдей мүшесі зардап шеккен болатын. Олардың үшеуі бала. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілгендердің жағдайын орташа, тұрақты деп бағалап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жол апатынан зардап шеккендердің арасында 9 айлық бала да бар. Соққы салдарынан ол жабық бас-ми жарақатын алған.
«Дәл осындай жарақат көлікте болған 8 жасар бала да тіркелді. Сондай-ақ ол кеуде тұсына соққы алған. Ал үшінші, 6 жасар баланың бұғанасы сынған. Оларға барлық талдаулар жүргізіліп, толық медицицналық тексерістен өткізілді. Қазір жағдайлары тұрақты, орташа. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының ортопедия-жарақаттану бөлімінде емделіп жатыр», — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ал жол апатынан зардап шеккен екі ересек Петропавлдағы қалалық көпбейінді аурухананың жарақаттану бөлімінде жатыр. 43 жастағы ер азамат пен 25 жастағы әйел адамның екеуінің де сол жақ бұғаналары сынған. Оларға ота жасалды. Дәрігелер олардың жағдайлары орташа деп бағалап отыр.
Тағы оқыңыз: «Құқығымыз қорғалмайды»: СҚО-да жыл басынан 106 адам шағым түсірген