[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-15-at-09.13.30-3.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
«Береке» шағын ауданындағы 250 орынға шақталған емханада бүгіндері жұмыс қызған. Көптен күткен нысан биыл күзге дейін қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Береке» шағын ауданындағы 250 орынға шақталған емхананың құрылысы 2020-шы жылы қолға алынды. Құрылысқа жергілікті мердігер компания «Тоир» ЖШС-і жауапты. Қазіргі таңда жұмыстардың 75 пайызы аяқталды дейді серіктестік өкілдері. Алаңда еңбек етіп жүрген 75 маман ғимараттың сыртқы қасбетін ретке келтіріп, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. Мұнымен қоса, коммуникация жүйесі де тартылуда.
«Жоба құны — 2 млрд 400 млн теңге. Соның 1 млрд 900 млн теңгесі игерілді. Бұл қаржыға біз құрылыс материалдарын сатып алдық. Оның үстіне нарықта құрылыс материалдарының құны 50 пайызға қымбаттады. Соның салдарынан көптеген компаниялар біраз қиындық көрді. Әсіресе, болат жайма, арматура, швеллер стандартты профилі, темір бетонның бағалары шарықтап тұр. Жалпы, қажет жабдықтың барлығы да отандық өнім», — дейді «Тоир» ЖШС учаске басшысы Асхат Кішкентаев.
Нарықта құрылыс материалдарының қымбаттануына қарамастан мердігер компания қажет заттарды еліміздің түкпір-түкпірінен тиімді бағамен сатып алады. Нысанды уақытылы аяқтауға құрылысшыларға солтүстіктің сарышұнақ аяздары да кедергі емес.
«Мен плиталарды монтаждап, металл конструкцияларын және жақтауларды құрастырамын. Суық күндері әрине, жұмыс істеу сәл қиынырақ. Бірақ алға қойған тапсырманы уақытылы орындауға дағдыланғанбыз. Сондықтан іске қарқын қосып, емхананы осы жылдың шілде айына дейін қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз», — дейді «Тоир» ЖШС қызметкері Рустам Садықов.
Бүгіндері емханаға қажетті медициналық қондырғылардың барлығы да сатып алынды. Жалпы, қазіргі таңда облыс орталығында дәл осындай тағы бір емдеу мекемесі салынып жатыр. «Жас Өркен» шағын ауданында бой көтеріп жатқан нысанды да биыл қолданысқа беру жоспарланған.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]