Наурыз – береке мен бірліктің, татулық пен достықтың мейрамы. Айтулы мерекеге орай Петропавлда «Береке басы – Наурыз» атты республикалық командалық айтыс өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Ұлттық өнердің төресі саналатын айтысқа Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының ақындары мен дәстүрлі өнер шеберлері қатысты. Бұл дода өңірлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға арналған. Қазақ өнерін ұлықтау және ұлттық мәдени мұрамызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Командалық айтыс мега-жобасы 2024 жылы басталған болатын. Онда әр өңірдің ақындары мен жыршыларынан топ құрылды. Облыс командалары өнерде өзара мықтыларды анықтайтын болады. Ақтық сайыс сәуірде Маңғыстауда өтетін болады. Бұл елімізде өткізіліп жатқан алғашқы мега-жоба. Бүгіндері ұлттық өнер дамып келеді. Жастар арасында қызығушылық жоғары. Олар көрерменге қазақтың бекзат өнері-айтысты көрсетеді деген ойдамын», — дейді мега-жобаның авторы Аманжол Әлтаев.

Жарысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізді. Ал Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құттықтау хатын орынбасары Жүсіп Жұмағұлов оқыды.

«Солтүстік Қазақстан айтысты ерекше құрметтейді. Қазақ өнері жылдан жылға дамып, рухани жағынан байып келеді. Ұлыстың ұлы күніне орай өткізіліп отырған бұл дода баршамыз үшін маңызды. Ақындарға сәттілік тілеймін, сөз мәйегін төгіп, ұлттық өнеріміздің абыройын асыра беріңіздер!»,- деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға өңір басшысы атынан шапан жапты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған қазылар құрамына танымал айтыскер ақын Серік Қалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Рига Онаева, жырау-ғалым Алмас Алматов, күйші Жанғали Жүзбаев және дәстүрлі әнші Айтбек Нығызбаев кірді.

Қос өңір арасында өткен өнер бәйгесінде ақындар «түре», «сүре», «қайым» және «қыз бен жігіт айтысы» жанрлары бойынша сынға түсті.

«Береке басы-Наурыз»: – СҚО-да республикалық командалық ақындар айтысы өтті
«Береке басы-Наурыз»: – СҚО-да республикалық командалық ақындар айтысы өтті

«Дайындығымыз жақсы. Командамыз солтүстіктің өнерін көрсетіп, сал-сері, батырлардың ұрпағы екенімізді дәлелдейміз деп ойлаймын. Жыр-терме, дәстүрлі ән сынына түсетін жігіттеріміз сайдың тасындай іріктелген. Есімдері елге танымал Біржан Есжан, Диас Аяған,Жұмабек Рахимов сынды өнерпаздарымыз бар»,- деп нақтылады облыс намысын қорғаған Жарқын Жұпархан.

Шығыс Қазақстаннан келген ақындар мен жыршылар да осал емес. Әр қайсысы үлкен сахнада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген өнерпаздар.

«Қызырлы Қызылжар өңіріне келгеннен кейін, әрі ел көлемінде аймақ атынан шығып отырғандықтан өнерпаздарымыз осал емес. Өр Алтайдың өнерін биік деңгейде көрсетеміз деген ойдамын. Шығыс Қазақстанның ерекшелігін, мақамына салып, шумақтап жыр төгетін боламыз», — деді Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Самат Касенов.

«Береке басы-Наурыз»: – СҚО-да республикалық командалық ақындар айтысы өтті
«Береке басы-Наурыз»: – СҚО-да республикалық командалық ақындар айтысы өтті

Өнердің бес бағыты бір жобада тоғысты. Дәстүрлі ән, терме, жыр, күй және айтысты халық ерекше ықыласпен қарсы алды. Қазақтың күмбірлеген күйі мен төгілген жыры келген көрерменнің делебесін қоздырып, қиқуға басты. Айтыскерлер қағытпа сөздер арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді де көтерді.

«Береке басы-Наурыз»: – СҚО-да республикалық командалық ақындар айтысы өтті
«Береке басы-Наурыз»: – СҚО-да республикалық командалық ақындар айтысы өтті

Жеңімпаз команда мүшелеріне қаржылай сыйақы табысталды.

Тағы оқыңыз: М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *