[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»14906,14907,14908,14909″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Қазақ халқы Наурыз мерекесін асыға күтеді. Мейрамды петропавлдықтар да дүркіретіп атап өтуде. Бүгін «Береке» ықшам ауданының тұрғындары әз-Наурызды тойлау үшін №25 орта мектептің алдына жиналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
№25 орта мектебінің ұжымы Наурыз мерекесінің барлық атаулы күндерін атап өткен. Енді міне, көптен күткен датаны да жұртшылықпен бірлесіп тойлап жатыр. Білім ошағының алдына киіз үй тігіліп, безендірілді. Ішіне халқымыздың ұлттық тағамдарының түр-түрі қойылған. Сонымен қатар, тұрғындарға палау мен ыстық шай да ұсынылды.
“Біріншіден, Наурыз құтты болсын. Ұлыстың ұлы күні тек құт-береке әкелсін. Бүгінгі мерекелік дастарханымызға бауырсақ, сары май, ірімшік, жент әкеліп қойдық. Қолөнер көрмесі де ұйымдастырылды, оқушыларымыздың салған суреттерін көре аласыздар”, — дейді №25 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зәмзәгүл Габдуллина.
Осы күні қалалықтарға “Қыз Ұзату” рәсімінен сахналық көрініс көрсетілді. Қыдыр ата келіп, жиналғандарға ақ батасын берді.
“Бар жамандық ескі жылмен кетсін. Жаңа жыл есіркесін деген ниетпен, айналаны аластадық. Бүгін ұлттық ойындар да ойнатылып жатыр. Жастар жағы “Арқан тарту”, “Асық ату” ойындарына қатысып, қол күрестіруде”, — дейді мектеп директоры Сәуле Тұрсынова.
«Береке» ықшам ауданының тұрғындарының көңілдері көтеріңкі. Мерекелік атмосфера кәдімгідей сезіледі.
“Мектеп алдындағы мереке ұнап жатыр. Өзім жалғыз емес, немерелерімді алып келдім. Балаларға қызықты, барлығын көріп, ойындарға қатысуда. Бұл мерекеден жыл сайын қалмай, тойлап отырамыз”, — дейді қала тұрғыны Гүлбаршын Мұқатаева.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]