Еске сала кетсек, қаңтар айында автокөлікпен бензин мен дизельді экспорттауға 1 тамызға дейін тыйым салынған еді. Ендігі кезекте мерзім тағы 6 айға ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еліміздің Қаржы, Энергетика, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес Қазақстан аумағынан бензин мен дизельдік отынды автокөлікпен шығаруға салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылды. Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде көлік құралын өндіруші зауыт ұсынған стандарттарға сәйкес келмейтін газ цистерналарындағы бензин мен дизельдік отынның экспортына жол бермеуге ықпал ететін болады. Бұйрық 14 тамызда күшіне енеді. Осыған дейін аталған өнімдерді экспорттауға 1 тамызға дейін тыйым салынған еді.
Тағы оқыңыз: Шошқа фермасында мерт болғандардың несиесі өтеледі